1 сынып оқушылары жаңартылған жүйемен білім алады

Еліміздегі мектептер алдағы оқу жылынан бастап, жаңартылған жүйе бойынша білім береді. Сала министрлігі ең алдымен бірінші сынып бағдарламасына өзгеріс енгізіп отыр. Яғни мектеп табалдырығын аттаған балғындар енді бірыңғай оқулықпен білім алмақ.

Жаңа жүйе бойынша ұстаздар біліктілікті арттыруға кірісті. Елордада көші-қон ағымына сәйкес жыл сайын жаңа мектептің салынуы маңызды міндет. Сондықтан қазір 7 білім ошағының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Бұл білім беру сапасына оң әсер етіп, ұстаздар қауымына жүктелген міндетті еселей түсті. Асыл Амангелдиева, қалалық білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы: - Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 13-ші маусымнан, 12-ші тамызға дейін 761 мұғалім, оның ішінде 643 бастауыш сынып мұғалімдері арнайы курстан өткізіледі. Бұның ішінде пән бойынша мұғалімдер, қазақ тілі, орыс тілі, математика, бейнелеу өнері, ағылшын тілі осы пәндер бойынша қолдарына сертификат алады. Осы сертификатпен қана бастауыш сыныпқа сабақ береді. Жаңартылған білім беру мазмұны алдағы оқу жылына енгізіледі. Соған сәйкес ұстаздар бірінші сынып оқушыларын ағылшын тіліне арналған бірыңғай оқулықпен оқытып, география мен тарих, бейнелеу өнері мен еңбек сынды сабақтарды біріктіруді көздеп отыр. Зәуре Садықова, №48 мектеп-лицейдің директоры: - Мектепте қазір 118 мұғалім жұмыс істеуде. Оның ішінде деңгейлік деген бар. Деңгейлік курстан 24 мұғалім өткен. Оның сыртында бірінші сынып мұғалімдерін түгел өткіздік. Басқа орыс тілден, ағылшын тілінен, бейнелеуден беретін мұғалімдер осы курстан өтіп жатыр. Келген өткен мұғалімдер өте риза болып келіп жатыр. Өйткені, сабақтарының өзі біз үйреніп қалған стандартты дүние емес, сыни тұрғысынан балалардың функционалды сауаттылығын ашу, оны қалыптастыру деген осы бірінші сыныптан бастайды. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар ұстаздар жаңартылған жүйенің нәтижесі алдағы 20-25 жылда белгілі болады деген пікірде. Өйткені, білім ошақтарына шәкірт тәрбиесін бірыңғай бағытта жүргізу міндеттеліп отыр. Сондықтан бас қаладағы 94 мектеп оқу бағдарламасын жаңартпақ.

 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста