Жыл басынан бері жаңа көліктер қаншалықты қымбаттады

Жыл басынан бері жаңа көліктер қаншалықты қымбаттады

Қазақстанда жаңа көліктердің бағасы үнемі өзгеріп отырады, биыл да сол үрдіс қайталанды. Кейбір ерекше жағдайда немесе қысқа уақытқа арзандайтыны болмаса, машина көбінесе қымбаттайды. Бірақ биыл көліктің қымбаттауы емес, автосалонда аздығы басты мәселе болып отыр, жаңа машинаны бір айдан бір жылға дейін күтуге тура келеді. Бұл жағдай бағаның өсуіне әсер ететіні және алыпсатарларға тиімді болатыны анық.

 

Бұған мысал ретінде су жаңа Land Cruiser 300-ді айтуға болады. Kolesa.kz-те алдын ала тапсырыс арқылы алынған жол талғамайтын көліктер сатылып жатыр, оның үстіне олар ресми құнынан кемінде 10 миллион теңгеге қымбат.

 

Ресми баға тізімінде көрсетілмеген дилерлік қосымша жабдықтар да бағаға айтарлықтай әсер етеді. Автокөлік сатып алушылар кілемше, желқағар, дабыл жүйесі сияқты заттарды сатып алуға міндеттеледі. Машина қаншалықты тапшы болса, автосалондар ұсынатын қосымша дүниелер сонша көбейе түседі.

 

Биыл алғашқы 8.5 айда жаңа көліктер қанша қымбаттағанын білу үшін бінеше танымал модельді мысалға алып қарастырамыз. Елге 2020 жылы оралып, бірден автонарық көшбасшысына айналған Chevrolet-ден бастайық. «Шевроле» дилерлері шілдеде 3094 машина сатты (Hyundai-ге қарағанда мыңнан аса көлікті артық өткізді).

 

Chevrolet

 

Chevrolet-нің Қазақстандағы негізгі бестселлері — Cobalt пен Nexia. Қазір салонда «Кобальт» 4.8-5.7 миллион теңге аралығында сатылып жатыр, ал жыл басында олар 4.2-5.2 миллионнан саудаланған. Яғни, қаңтар мен тамыз аралығында модель комплектациясына байланысты 500-600 мың теңгеге қымбаттады.

 

 

Nexia да арзан емес. 2021 жылдың алғашқы айларында қарапайым жиынтықтағы төрт есікті көлік (1.5 литрік мотор мен механика) 3.8 миллион теңге, ал үздік комплектациядағы машина (автомат) 4.7 миллион теңге тұратын. Тамызда «Нексияның» құны 200-400 мың теңгеге өсті. Көктемнің басында 2021 жылы шыққан көліктер автосалондарға жеткізіле бастағанда баға бірден көтерілді.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста