Zeekr жаңа кроссоверін көрсетті

Zeekr жаңа кроссоверін көрсетті

Zeekr маркасы тизер көрсетуден тез жалықса керек, жаңа өнімінің ресми тұсаукесерін көп күттірмеді. Топтамадағы үшінші модель ерекше дизайнға ғана емес, ешкім күтпеген атауға да ие болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көп адам 001 лифтбегі мен 009 минивэнінен кейін шығатын машина 003 деп аталады деп болжаған. Алайда ол Zeekr X деген жазумен жарық көрді.

 

Жол талғамайтын көліктің сырт пішінін жасағандар дәстүрден сәл ауытқуды жөн көрген сияқты. Zeekr X әйнегінің астындағы сызық артқы тіреуге қарай күрт көтеріледі, артқы әйнегі өте шағын. Алдыңғы оптикасы да маркаға тән емес: жіп-жіңішке футуристік шамы алдыңғы қанатының дөңес жеріне кіріккен. Әр шам 41 диодтан тұрады.

 

 

 

 

 

Көлікте көз үйренген есік тұтқасы да жоқ. Фотодан ортаңғы және артқы тіреуде орналасқан шағын сенсорлар байқалады, соған қарағанда есік қол тигізгенде ашылатын сияқты.

 

Әзірше Zeekr X-тің габариті ғана белгілі: 4450×1836×1572 мм, дөңгелек базасы — 2750 мм.

 

Машина қандай мотормен жүретіні белгісіз. Аспан асты еліндегі басылымдар электрокар алғашқы жүздікті 3-4 секундта алатындай қуатты болады деп жазды. Көлік туралы толық мәлімет көктемде Шанхайда өтетін автосалонда жарияланады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста