Zeekr маркасының үшінші моделі ерекше болады

Zeekr маркасының үшінші моделі ерекше болады

Zeekr премиум маркасы Geely құрамына кіретін брендтердің бірі. Жақында компания үшінші өнімінің прототипін көрсетті. Жарияланған бірнеше фотосуреттен жаңа Zeekr-дің дизайны өзгеше екені байқалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көліктің алдыңғы бөлігі әдеттен тыс әрленіпті, оптикасы мен ауа тартқышы тым жіңішке, артқы тіреу тұрған жері әйнектелген және дөңгелек аркасы ірі. Диск дизайны да бізге таңсық, есік тұтқасы ойық пішінді.

 

 

Марка модель атауын жазбады, бірақ нөмірінде «3rd» (үшінші) жазуы бар. Соған қарағанда 001 аталатын лифтбэк пен 009 минивэнінен кейін шығатын кроссовер 003 деп аталатын сияқты.

 

 

Zeekr техникалық жағына қатысты да ештеңе айтпады. Алдын ала мәлімет бойынша машина Smart #1 кроссоверімен SEA платформасын бөліседі. Демек оған 272 ат күшіне ие электромотор қойылуы мүмкін. Бұл агрегаттың қуаты 400 шақырым жол жүруге жетеді. Екі моторлы нұсқасы да болуы мүмкін.

 

 

Zeekr 003-ті сәуірде өтетін Шанхай автосалонында таныстырады деген болжам бар. Содан соң Қытайда сатылады, кейін Еуропа нарығына шығады. Прототип қазір Швецияда сынақтан өтіп жатыр.

 

Кейбір фотода прототип Audi e-tron GT моделінің қасында тұрғаны байқалады. Алайда фото авторларының мұнымен не айтпақ болғаны белгісіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста