Жаңарған Range Rover Velar салонында батырма болмайды

Жаңарған Range Rover Velar салонында батырма болмайды

Land Rover сәнді Velar кроссовері екінші рет рестайлингтен өткенін жариялады. Бұл жолы негізінен дизайнерлер жұмыс істеп, көліктің сырт пішіні мен интерьеріне біраз өзгеріс енгізді. Кроссоверге арналған мотор гаммасында plug-in-гибриді ғана жақсарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сырт пішініндегі басты жаңалық ретінде әр шамы 67 жарықдиодтан тұратын жаңа матрицалы оптикасын айтуға болады. Артқы шам сызбасы өзгерді. Бампері мен радиатор торы да аздап өңдеуден өтті.

 

 

 

 

Velar салонында физикалық батырма қалмады (олар бұрын да көп емес еді). Ортаңғы консольдегі климат бақылауға жауапты сенсорлы панальді алып тастаған. Енді онда 11.4 дюймдік үлкен экран мен беріліс қорабының селекторы тұр. Жүргізуші барлық қосымша функцияны дисплей арқылы басқарады. Әйнек сүрткіш пен жарықты басқару және трансмиссия тұтқасы ғана дәстүрлі формасын сақтап қалды.

 

 

 

 

Мұндай шешімге күмәнмен қарайтындарға компанияның жауабы дайын, Land Rover жүргізуші алдында тұрған тапсырманың 80 %-ын сенсорлы экранды екі рет түрту арқылы орындай алады деп есептейді.

 

Velar қозғалтқыштарының көбі «жұмсақ гибрид»: дизельді және бензинді төрт, алты цилиндрлі моторлар 204–400 ат күшін береді. Range Rover Velar P400e гибридінің де қуаты өзгерген жоқ — 404 ат күші мен 640 Нм. Бірақ бұл нұсқаға жаңа 19.2 киловатт аккумулятор орнатқан, соның арқасында ол электр күшімен 53 емес, 64 км жол жүре алады. Барлық агрегат 8 диапазонды автоматпен жұмыс істейді.

 

Жаңа өнімге АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдерінде тапсырыс қабылдап жатыр, машина кем дегенде 69 600 еуро тұрады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста