Жаңа Panamera Қытайда қанша тұрады?

Жаңа Panamera Қытайда қанша тұрады?

Porsche Panamera ешбір елде екінің бірі сатып алатын арзан машина емес, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайда спорттық фастбэк мөлшермен бір миллион юань (150 мың долларға жуық) тұрады. Бірақ бірер күн бұрын Иньчуань қаласындағы Porsche дилерінің сайтында Panamera 124 мың юаньға (18 мың доллар) сатылатыны туралы ақпарат шығады, мұны көре сала жергілікті тұрғындар қымбат көлікті арзанға алып қалуға тырысып, алғашқы төлем жасай бастаған.

 

Көп өтпей дилер мәліметті өшіріп, өрескел қате жібергенін мойындады. Бірақ заң білетін клиенттер алдын ала төлем жасалған машинаны келіскен бағаға сатуды сұрап отыр.

 

Bloomberg басылымы бұл іске Porsche AG бас кеңсесі араласып, клиенттерден кешірім сұрағанын және барлық алдын ала төлемді қайтарып бергенін хабарлады. Бірақ бірінші болып тапсырыс берген тұрғынның жолы болған сияқты. Компания онымен дилер қоймасында қалған жалғыз Panamera-ны «қолайлы шартпен» сату туралы келіссөз жүргізуге дайын.

 

Аспан асты елі танымал марка үшін аса маңызды нарық екенін айта кеткен жөн. Porsche көліктерінің үштен бірі Қытайда сатылады. 2022 жылы онда 93 286 спорткар мен кроссовер өтті. Олардың жалпы құны 12 млрд доллар құраған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста