Жаңа Lexus LM 2.4 литрлік турбомотормен жүреді
Lexus компаниясы 2019 жылы Шанхай автосалонында Toyota Alphard негізінде жасалған LM минивенін таныстырған. Биыл Қытайда осы модельдің жаңа нұсқасын көрсетеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Дизайны өзгерген көлік GA-K платформасына ауысып, әлдеқайда іріліне түсті. Бірақ дөңгелек базасы 3000 мм болып қалды. Ұзындығы — 5125 мм, ені— 1890 мм, ал биіктігі — 1955 мм. Сәйкесінше көлемі 80, 40, 10 мм-ге артты.
Минивен салонынан Lexus-ке тән стиль мен RX-тен көрген бірнеше шешім байқалады. Қымбат нұсқасының салоны 4 орындық мини-бар және екінші қатардағы кең диванмен жабдықталған. Салонның алдыңғы және артқы бөлігі арасында орналасқан 48 дюймдік экран бірден көзге түседі. Өндірушілер үлкен экран бұл көлікті (LM) мобильді кеңсе ретінде пайдалануға өте ыңғайлы болады деп отыр.
Көлікке Rear Climate Concierge жүйесін орнатқан. Ол артқы жолаушылардың дене қызуын инфрақызыл сезгекпен өлшейді, микроклиматтың бірқатар параметрлерін бақылайды және оңтайлы жағдай жасау үшін климаттық қондырғы мен жылытқышты автоматты режимде баптайды.