Өзбекстанда Volkswagen өндірісін жандандыру жоспарланған. Жизақтағы зауыт енді жолаушы тасымалдайтын және коммерциялық Caddy орнына неміс маркасының электрлі және гибрид модельдерін құрастырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Uznews порталы үкімет қаулысының жобасына сілтеме жасап жазды.
Мәліметтерге сүйенсек, жоба қысқа мерзімде жүзеге асады. Авторлар 2023 жыл аяқталғанша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуден бастап, жобаны толық бітіреміз деп отыр.
Volkswagen ID.4
Өзбекстанда Volkswagen-нің нақты қай электромобилі мен гибрид түрін шығатыны құжатта жазылмаған. Басылым зауыт Қытай маркасын өндіруді қолға алады деп болжады. Онда ID.4 және ID.6 кроссоверлері, сонымен қоса Volkswagen e-Bora секілді седан бар.
Volkswagen Caddy өзбек елінде 2020 жылы шыға бастаған. Бірақ Ресей мен Украина арасындағы соғыс бәріне нүкте қойды. Санкция кесірінен компания Ресей нарығынан кетті. Осылайша Өзбекстанға бөлшек жеткізетін жолдар жабылған еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz