Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда (фото, видео)

Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда (фото, видео)

Түркістан облысындағы уақытша жабылған облыстық және республикалық жолдарда көліктер қар құрсауында қалып қойған. Бұл ретте облыстық ТЖД қызметкерлері тарапынан құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы арасындағы Шымкент-Самара тас жолы бойында 17 ауыр жүк автокөлігіндегі 34 адам мен 86 жеңіл автокөліктегі 296 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды.

 

 

 

Бұл жұмыстарға ТЖД-нің 1 техникасы мен 7 жеке құрамы жұмылдырылған. Ал, Қызылорда облысының ПД-не қарасты ЖПП қызметкерлері 2 кіші қоғамдық жолаушы автокөлігіндегі 20 адамды қар құрсауынан құтқару жұмыстарын жүргізді.

 

 

Сол сияқты Созақ ауданының Таскөмірсай елдімекеніндегі жол бойында ТЖД «АҚЖ» (АСО) қызметкерлері 1 жеңіл автокөлік пен 4 адамға құтқару шараларын атқарған. ТЖД қызметкерлері мен Созақ және Бәйдібек ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан Одаман бұлақ асуындағы 23 адам қар құрсауынан қауіпсіз орынға жеткізілген.

 

 

Кешкі сағат 20:05 минутта Шымкент қаласы ТЖД 1 техника (урал вахтовка) 4 жеке құраммен және Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 техника (урал, погрузчик) Бәйдібек ауданында қар көшкінінде қалып қойған адамдарға құтқаруға шықты.

 

 

Осылайша, өңірде жалпы саны 107 техникамен 377 адам (оның ішінде 75 балалар) құтқарылған. Қазіргі таңда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, қала, аудандардағы жедел ден қою жасақтары дайындыққа келтірілген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста