Көлік жүргізушісі білуге тиіс

Көлік жүргізушісі білуге тиіс

Азамат жол-қозғалысы ережесін бұзып, айыппұл арқаласа, оны 7 күн ішінде төлесе, онда айыппұлдың тең жартысын төлей алады. Ал егер айыппұлдың төленбегеніне 40 күннен асып кетсе, іс ІІМ арнайы бөлімдеріне не сот орындаушыларына жіберіледі. Ал олар айыппұл туралы қаулыны ереже бұзған азамат жұмыс істейтін мекемеге жіберуі тиіс. Ондай жағдайда айыппұл азаматтың еңбекақысы, зейнетақысынан ұсталады. Айыппұлды ұстап қалу 6 ай мерзімнен аспайтын уақытта жүзеге асырылады. Егер ол азамат жұмыс істемесе және айыппұлды өндіріп алу қандай да бір себеппен мүмкін болмаса онда іс сот және тиісті органға жіберіледі.

Егер айыппұл салу туралы бұйрық заңды күшіне енсе, бірақ сот немесе ІІМ арнайы бөлімдері 1 жыл ішінде айыппұл төлетуге міндетті органға тиісті қаулыны жібермесе, онда бұл қаулы орындалмайды. Азаматтың айыппұлды төлемеуге толық құқы бар. Тағы бір маңызды деталь іс туралы азаматқа ресми (мөр басылған қағаз) хабарлануы тиіс.
Егер азамат камераға түсіп қалса, бірақ айыппұл төлеу туралы ескертпе құжат почтаға тек айдан кейін ғана келсе, ондай айыппұлды төлемеуге болады. Бұдан былай Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушілерін бақылау «Дозор-М» аппаратты-бағдарламалық кешені арқылы күшейе түспек. Қалалық әкімшілік полиция басшысы ­Елжан Шөпековтың айтуынша, «Дозор-М» аппаратты-бағдарламалық кешені орнатылған көлік тәртіп бұзып тұрған көліктің мемлекеттік нөмірін түсіріп алады. Кешен екі түрлі құқық бұзушылықты анықтайды жол белгілері немесе белгілермен белгіленген талаптарды бұзу, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және 3 АЕК айыппұл (8334 теңге) қарастырылған; Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік  597-бап 5 АЕК» дейді Шөпеков.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста