Toyota Highlander көлігін сыйға алды

Toyota Highlander көлігін сыйға алды

Жол жөндеумен айналысатын кәсіпкер Марк Миллер 2006 жылы гибрид Toyota Highlander сатып алады, бұл оның алғашқы көлігі болатын.2022 жылғы қыркүйекте Флоридада Иэн дауылы соғып, Highlander жарамсыз болып қалады, сол кезге дейін машина миллион миль жол жүріпті. Мұны білген Toyota-ның АҚШ-тағы өкілдігі Миллерге жаңа Highlander сыйлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Миллер жұмыс бабымен көп жол жүреді. Ол кроссовермен кейде жүк тасып, кейде тіпті көшпелі кеңсе ретінде пайдаланғанын айтты. Алғашқы көлігі болғандықтан Миллер оны күтіп мінген. 16 жыл бойы Highlander-ді өзі сатып алған дилерге жөндетіп жүрді.

 

 

Былтыр қыркүйекте дауыл соғып, арты тасқынға айналғанда Миллердің үйін су басты. Үй мен адамдар зардап шеккен жоқ, бірақ Highlander мінуге мүлде жарамсыз болып қалған. Сондықтан иесі басқа автомобиль алуға бел буады.

 

Бұл оқиғаны жергілікті Toyota бөлімшесінің басшылары естиді, мұны оларға Миллер ұзақ уақыт бойы көлігін жөндеткен дилер айтыпты. Дәл осы дилерлік орталықта Марк жаңа Highlander Bronze Edition кілтін алды. Мұндай Highlander 2.5 литрлік бензинді мотор негізгі болатын гибрид күштік құрылыммен жүреді, агрегат 243 ат күшіне ие.

 

Ал сіздің «тұлпарыңыз» қанша шақырым жол жүрді?

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста