Toyota Camry Қазақстанға оралды

Toyota Camry Қазақстанға оралды

Былтыр көктемде Ресейдегі Toyota зауытының жұмысын тоқтағаны сол жерде шығатын RAV4 пен Camry Ресей нарығынан ғана емес, Қазақстаннан да кетеді дегенді білдірген. Бірақ 2022 жылдың күзінде марка өкілдері бізге кроссоверді Күншығыс елінен жеткізетінін, ал биыл көктемде Camrу келетінін хабарлады. Сатылым басталатын күн ресми түрде жарияланған жоқ, дегенмен бағалары белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда Тойота 8 сатылы автоматпен жұмыс істейтін 206 ат күшіне ие (243 Нм) 2.5 литрлік қозғалтқышы бар седанды екі комплектацияда ұсынады.

 

«Комфорт» нұсқасы 17.3 млн теңге тұрады. Ол алты қауіпсіздік жастығымен, ABS, VSC, TRC секілді көмекшілер жинағымен және өрге қарай жүргенде көмек беретін функциямен жабдықталған. Автомобильде жарықдиодты оптика, шам жуу функциясы, алдыңғы және артқы парктроник, екі аймақты климат-бақылау, алдыңғы кресло, айна және рөлді жылытқыш, 9 дюймдік дисплейі бар медиажүйе және Apple CarPlay, Android Auto-мен жұмыс істейтін аспаптар панелінің 4.2 дюймдік экраны бар. Есік картасы мен орындықтары матамен қапталады.

 

«Престиж» интерьері былғарыдан жасалады. Бұл көлік кілтсіз ашу, алдыңғы кресло мен рөл бағанын электрлі басқару, ауа ионизаторы, смартфонға арналған сымсыз қуаттау құрылғысы, аспаптар панелінің 7 дюймдік ірілеу дисплейімен ерекшеленеді. Одан бөлек жабдықтар тізімінде жүргізушінің тізе тұсын қорғайтын жастықша, бейімді круиз-бақылау, автоматты тежеу, жарық ауыстыру және қозғалыс жолағын қадағалау жүйелерінен тұратын Toyota Safety Sense кешені бар. Camry-дің бұл түрі 19.9 млн теңге тұрады.

 

Седанның 2 литрлік қозғалтқышпен және вариатормен жабдықталған арзан нұсқасы мен 3.5 литрлік V6-мен жүретін қымбат түрленімі Қазақстанға қайтып келе ме, жоқ па белгісіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста