Tesla-дан шыққан өртті сөндіруге 22 тонна су кетті

Tesla-дан шыққан өртті сөндіруге 22 тонна су кетті

29 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Калифорниядағы № 50 тас жолда Tesla Model S отқа оранды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сакраменто өрт сөндірушілер командасының твиттердегі парақшасында «машинаның аккумулятор тұрған бөлігі жол үстінде өздігінен тұтанған» деп жазылған. Мамандар екі қозғалыс жолағын жабуға мәжбүр болыпты.

 

Өрт сөндіру оңай болмады. Қанша су шашса да, 19 минут бойы жалынның беті қайтпаған. «Тесланың» алдыңғы корпусын домкратпен көтеріп, төменгі бөлігіне су жібергенде ғана от өшіпті. Команда 6000 галлон (22 700 литр) су жұмсадық деп есеп берді.

 

 

Остин қаласындағы өрттен қорғау қызметінің басшысы бензинді мотормен жүретін көлік өртенсе, шамамен 500-1000 галлон (1890-3785 л) су кететінін айтты. 6000 галлон бүтін бір үйді сөндіруге жетеді екен. Көлік тасымалдайтын компаниялар көп мөлшерде электромобиль тасудан сол себепті қорқады, ал сақтандырушылар полис сомасын есептегенде қауіп жоғары екенін ескереді.

 

Салыстыру үшін айтсақ, егер мұндай оқиға біздің елде болса, «тесланы» сөндіру үшін автопойыздағы су түгел кетер еді, өйткені арнайы техника апат орнына ары кетсе 30 мың литр су жеткізе алады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста