Теміртауда полиция қызметкерін көлік сүйреп кетті

Теміртауда полиция қызметкерін көлік сүйреп кетті

Теміртауда мас күйдегі жүргізуші полиция қызметкерін 200 метрге сүйреп кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

11 ақпан күні түнгі сағат 00.35 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында қызметтік көліктің арнайы дауыс шығарғыш құралы арқылы 31 жастағы азаматтың басқаруындағы жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің көліктің құжаттарын беру талабына жүргізуші құжаттардың жоқтығын айтқан. Әңгіме барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап еткен.

 

Сол мезетте, жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орынынан қашпақшы болып жүріп кеткен. Тәртіп сақшыларының бірі бірден көлік салонына секіріп мінгенде, бір аяғы сыртта қалып қойған. Ал, жүргізуші тәртіп сақшысын 200 метр сүйреп, жол жиегіне шығып кетіп тоқтады. Полиция қызметкерлері жүргізушіні сыртқа алып шығып, қоян-қолтық әдісімен жерге жатқызды. Кейін жүргізуші наркология орталығына жеткізіліп, оның орта дәрежеде ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды.

 

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608, 613 және 667 бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.

 

Соттың шешімімен 31 жастағы азамат құқық бұзғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста