Tank топтамасы екі модельмен толығады

Tank топтамасы екі модельмен толығады

Компания жол талғамайтын екі жаңа көлігін нарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Жергілікті баспасөз өкілдері жариялаған суреттен пошымы бөлек Tankм500-ді көруге болады. Өнеркәсіп министрлігі жариялаған сертификат деректерінен ірі Tank 400-дің сипаттамасы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Айрықша Tank 500 сынақ кезінде көзге түсті. Автоөндіруші модельді рестайлингтен өткізіп жатқан болуы мүмкін, бірақ жол талғамайтын көліктің жолға шыққанына екі жылдан аспағанын ескерсек, оның Tank 300-ге ұқсайтын өзгеше нұсқасы шығады деген гипотеза шындыққа жанасатын сияқты. Кіші модельдің бірнеше шектеулі нұсқасы бар.

 

 

 

 

 

олық біткен Tank 500-ді үлкен ауатартқышы бар капотынан, қайта өңделген радиатор торы мен өзге оптикасынан, сонымен қоса алдыңғы жаңа бамперінен білесіз. Арт жағында газ шығаратын төрт келтеқұбыр мен үлкен спойлер, бортында камуфляжбен жабылған дөңгелек аркасының қаптамасы орналасқан.

 

Темір тұлпардың күштік құрылымы өзгере ме, әзірге белгісіз. Ол 354 ат күшіне ие 3 литрлік жеңіл гибрид V6-мен жабдықталған. Мотор 9 диапазонды автомат және толық жетек жүйесімен жұмыс істейді.

 

Tank 400 компания концепт ретінде ғана көрсеткен жаңа модель.Тыңшылар түсірген сурет артынан патент беретін мекеме базасында модельдің тағы бірнеше суреті жарияланды. Фотодан шоукар жол талғамайтын көліктен шанақ жиегімен ерекшеленетінін байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

Көліктің габариті — 4985×1960×1905 мм, ал дөңгелек базасы — 2850 мм. Осылайша Tank 400 дөңгелегінің өлшемі Tank 500-дікімен бірдей, ал ұзындығы 100 мм артық.

 

252 ат күшіне ие 2 литрлік мотормен жүреді. Шассиге алдыңғы аспа мен артқы белдік орнатқан. Tank 400 бен 500-дің дизайны екі түрлі болады.

 

Біраз уақыт бұрын Tank 400-ге ұқсайтын машина шығады деген ақпарат болған. Ұзындығы 5 метрден асатын 700 индексті жол талғамайтын көлік марканың ең ірі моделі атанады. Жаңа машиналар қытай нарығына биыл шығуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста