Ресейдегі Toyota зауытын НАМИ алуы мүмкін
Санкт-Петербургтегі Toyota өндіріс алаңының тағдыры айқындала бастады. Көрші елдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров қазір жапон маркасын НАМИ мекемесінің меншігіне беру мәселесі қаралып жатқанын хабарлады. Институт қазір АВТОВАЗ-дағы Renault үлесіне иелік етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Өндіріс орнын сату шарттарына қатысты әзірше ақпар жоқ. Toyota да ресми мәлімдеме жасамады.
Ресейдегі Toyota Motor былтыр наурызда Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан жұмысын тоқтатқан. Күзде кәсіпорын жабылады деген сыбыс тарады. Бұл алаңда мамандар Қазақстан нарығына шығатын Camry мен RAV4 құрастыратын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу