Ресейде ұрланған көлік Павлодардан табылды

Ресейде ұрланған көлік Павлодардан табылды

Павлодар полицейлері РФ азаматшасының ұрланған көлігін тауып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Ресей Федерациясының азаматшасы Марина Платтиден полицияның тарапына алғыс сөздерімен бейнеөтініш келіп түсті.

 

– 2020 жылы Ресей Федерациясының Новосібір қаласында Менің Toyota Highlander автокөлігім ұрланды. Іздеу туралы өтінішпен мен тұрғылықты жерім бойынша полицияға хабарластым. Мен іздеудің сәтті нәтижесіне үміттенген жоқпын және Павлодарлық полиция қызметкерлері маған қоңырау шалып, жақсы хабарды айтқан кезде өте қатты қуандым. Менің көлігім Қазақстан Республикасында Павлодар қаласында екені белгілі болды. Павлодар полициясының кәсіби іс-қимылдарының арқасында үлкен және мұқият жұмыс жүргізілді. Анықталғандай, бұл көлікте агрегаттық нөмірлер қолдан жасалған және көлік Алматы қаласының тұрғынына сатылған, – дейді Марина Викторовна.

 

 

Содан кейін автокөлік бірнеше рет қайта сатылды, соңғы сатып алушы павлодарлық болды. Сараптамадан кейін бұл көлік Ресей азаматына тиесілі екендігі анықталды.

 

– Ал бүгін мен бақыттымын. Мен көлігімді алдым. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің барлық қызметкерлеріне зор құрметпен алғысымды білдіргім келеді, бірақ Павлодар облысының полиция департаменті мен Павлодар қаласының полиция басқармасы, анықтаушы Расул Туружановтың атын адал еңбегі, қызметтік міндеттерін түбегейлі орындағаны үшін ерекше атап өткім келеді. Сізге үлкен рақмет, – деді Марина Викторовна.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста