Ресей қарапайым көлік шығаруды жалғастырады

Ресей қарапайым көлік шығаруды жалғастырады

Ресей билігі толық жабдықталмаған жаңа көлік шығару ережесінің мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр, бұл ереже бірнеше міндетті опциясыз машина жасауға рұқсат береді. «РИА Новости» аталған құжаттағы кейбір норма қайта қаралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей санкцияға байланысты былтыр көктемде осындай жеңілдік жасаған. Мұндай машина қауіпсіздік жастығы, ABS және ESP жүйесімен жабдықталмайды. Сондай-ақ құжат экологиялық класы Еуро-0 стандартына сай мотор орнатуға рұқсат береді.

 

Бұл шара компонент тапшы кезде Ресей автоөндірісін қолдау мақсатында қабылданды. Нәтижесінде Lada Granta-ның арзан нұсқасы шықты. Ондағы қосымша жабдықтар тізімінде электрлі әйнек көтергіш, жылытуға болатын айна, орталық құлып және борт компьютері ғана бар. Мұндай «Грантада» салқындатқыш болмайды, ал құйма дөңгелек дискісін алу үшін қосымша ақы төлеу керек.

 

Өткен бір жылда АВТОВАЗ көліктеріне кейбір қолжетімді опцияларды қайта орната бастады, бірақ дағдарысқа дейінгі деңгейге әлі жеткен жоқ.

 

Құжат мерзімі қашанға дейін ұзаратыны және қандай өзгеріс енетіні қазірше белгісіз. Инсайдерлер жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ережеге ішінара өзгеріс енетінін айтады. Егер ABS және қауіпсіздік жастығы жоқ автомобиль шығаруға ұзақ уақыт рұқсат берсе, жолдағы оқыс оқиғалардың салдары ауыр болуы мүмкін. Оның үстіне бұғаттауға қарсы тежеуіш жүйесіне сұраныс болмаса, Ресейдің электроника өндірісі тұралап қалады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста