Қытайда тағы плагиат дауы шықты

Қытайда тағы плагиат дауы шықты

CarNewsChina фирма Geely жақында таныстырған Galaxy Light концептісіне шүйліккенін жазды. Ол Changan-ның бірнеше моделін еске салады екен. Geely мұны жала деп санайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Дегенмен жанжалға бір маманның қатысы болуы мүмкін.

 

Geely Galaxy Light

 

Geely қымбат электрокар мен гибрид шығару үшін құрылған Galaxy суббрендін таныстырғанда Light концептісін көрсетті. Оның сериялы өндірісі басталмаса да, бәсекелес брендке ұнамай қалған.

 

Changan UNI-V

 

Басылым жариялаған хатта нақты модель атауы жазылмапты. Бірақ заңгерлер Galaxy Light-тың алдыңғы бөлігін Uni топтамасындағы машиналарға ұқсатқан сияқты. Радиатор торының пішіні расымен бірдей және құрылымы ұяшық секілді, бірақ концептідегі ұяшықтар жарықдиодты қондырмалардан тұрады.

 

Galaxy Light седанының негізгі оптикасы жіңішке әрі ұзыншақ, алдыңғы бамперді бойлай орналасқан үшбұрыш ауа тартқышы да дәл Changan Uni-дегідей, трапеция секілді ауа тартқышы да соған ұқсайды.

 

 

Басылым Geely Galaxy модельдерінің дизайнын компанияға 2022 жылы наурызда келген Чен Чжэнчен әзірлегенін атап өтті. Ол бұрын Changan-да жұмыс істеген екен, онда қызмет еткенде Uni топтамасындағы көліктердің дизайнына жауапты болыпты.

 

Geely өзіне тағылған айыпты негізсіз деп, көшірме жасағанын мойындамады, ал концепт дизайны бірегей деп санайды. Changan интеллектуалды меншігін қорғау үшін заң аясында шара қолданатынын мәлімдеді. Алда іс сотта қаралатын шығар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста