Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы артып келеді. Chevrolet көш бастап тұр
Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда жаңа автомобильдерді сату биыл алғаш рет айына 10 мың автокөлік белгісінен асып түскен.
Бұл 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 20 пайызға көп: 9 195 жеңіл көлік мен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 843 жүк көлігі, арнайы техника және автобус.
Алғашқы төрт айда сату 34 199-ға жеткен. Былтырмен салыстырғанда жиынтық өсім 79,7 пайыз болды.
Мұндай елеулі өсім, бірінші кезекте, бір жыл бұрынғы пандемия мен локдаунға байланысты. Ол кезде мыңнан аса автокөлік сатылып, 2020 жылғы сәуір қазақстандық автобизнес тарихындағы ең нашар ай болған.
Сәуірде брендтер бестігін Chevrolet бастап тұр. Онда 2 652 көлік сатылған.
Hyundai - 2 302 автокөлік;
Toyota үшінші - 1 233 көлік.
Kia өз позициясын қайтарды, жаңартылған дилерлік желі біртіндеп сатылымды артырып жатыр (761 автокөлік).
Ең көп сатылатын бестікті Volkswagen жабады - 407 көлік.
2021 жылдың сәуірінде ең танымал модельдердің алғашқы үштігінде Chevrolet өз позициясын сақтады:
Chevrolet Cobalt (1 355);
Сhevrolet Nexia (1 003);
Hyundai Accent (986).
kaz.tengrinews.kz