Қазақстанда құрастырылатын көліктер қашан арзандайды – министрлік жауап берді

Қазақстанда құрастырылатын көліктер қашан арзандайды – министрлік жауап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бағасы қай кезде арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер "отандық өнім" маркасымен шығарылатын көліктердің бағасы жайында сұрады.

 

"Қазақстанда көліктердің ондаған маркасы құрастырылады. Біраз компания зауыттарын ашты. Бірақ көліктердің бағасы жоғарылап барады. Көлікті шетелден әкелдің не, мына жақтан сатып алдың не, баға айырмашылығы көп емес. Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бағасы қашан арзандайды?", - деді тілшілер.

 

Вице-министр Аманияз Ержановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда жерінде құрастырылатын көліктердің локализациясы, яғни, өзімізде жасалған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көлемі төмен. Сол себепті тауардың бағасын түсіруге мүмкіндік болмай тұр.

 

"Біздің локализациямыз 35-43 пайызды құрайды. Ал қазақстандық автобөлшектерді қолдану көрсеткіші төмен болғандықтан, біз әлі өз бағамызды келтіре алмай жатырмыз. Шетелден қажетті құрал-жабдықтар импортталып жатқаннан кейін көліктің бағасы төмендемей тұр. Бірақ көліктерді құрастыру келісіміне байланысты локализацияны 50 пайызды жеткізгеннен кейін біз бағаға қатысты өз шараларымызды қолданатын боламыз. Сол кезде баға өз қалпына келеді деген үмітіміз бар", - деп атап көрсетті Ержанов.

 

Алайда вице-министр локализация 50 пайызға жеткенде көлік бағасының қаншаға төмендейтінін айта алмады.

 

"Бәрі нарыққа байланысты болады. Қазір локализацияны 50 пайызға көтерсек, бағаны осыншама пайызға төмендете аламыз деп айта алмаймын. Сол кезде нарықтың көлемі қандай болады? Бағасы қалай қалыптасады? Қазақстанда құрастырылған әрбір модельдің қосылған құны қанша болады? Соған байланысты баға төмендеу болады деп есептеп отырмыз", - деді Ержанов.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста