Қазақстанда 3,8 млн астам жеңіл көлік тіркелген – статистика
2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 288 055 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,4% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3828,5 мыңды құрайды.
Сондай-ақ ведомстводан мәлім еткендей, жылдың алғашқы төрт айында ел өңірлерінде 3677 жол-көлік оқиғасы болып, 5431 адам зардап шеккен.
Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3% азайды.
«2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 12,2 млрд теңге сомасында 27788 сақтандыру төлемін жүзеге асырды», - делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.
2