Полиция автокөліктердің шу шығару деңгейін тексермейтін болды

Полиция автокөліктердің шу шығару деңгейін тексермейтін болды

Алматы полициясы автокөліктердің шу деңгейін тексермейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.

 

Қадағалау органы қатты дыбыс шығаратын көліктерді негізсіз тексеруге қатысты полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне жүргізушілердің шағымдарын қарағанын айтты.

 

"Өтініштер мен бейне материалдардан шығатыны, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүйенің дыбыс көлемін өлшеу үшін расталмаған құралдарды қолданған. Талдау көрсеткендей, бұл әрекеттер "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы "кодекстің 802-бабына және Кедендік техникалық регламентке қайшы келеді. Прокуратураның ұсынысы бойынша Алматы полиция департаменті сертификатталған өлшеу құралдарын сатып алу мәселесі шешілгенше көлік құралдарын тексеруді тоқтатты", - делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде қолданушылар шу шығаратын көліктерді тексеруге келіспеушіліктерін білдірді. Олар дыбысты өлшеу үшін қарапайым смартфон қолданылғанына наразы. Автокөлік жүргізушілері мұндай мақсаттар үшін мемлекеттік органдар куәландырған арнайы өлшеу құралдарын қолдану керектігін айтты.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста