Omoda электрлі C5-ті экспортқа шығарады

Omoda электрлі C5-ті экспортқа шығарады

Chery концерні Omoda суббренді шығарған батареялы жол тағамайтын көліктің экспортқа арналған түрленімін Индонезияда өткен GIIAS көрмесінде таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ол елде электрокар Chery Omoda 5 EV деген атаумен сатылады. Темір тұлпарға тапсырыс қабылдауды бастаған алғашқы шет мемлекет — Индонезия.

 

 

 

 

Бұған дейін Chery электрлі кроссоверді Шанхайдағы жергілікті автосалонда көрсеткен еді. Индонезиядағы нұсқа алғашқымен ұқсас, бірақ радиатор торының бітеу панелі мен өзге бамперлер ерекшелеп тұр. Индонезиялық Omoda 5 EV Chery брендінің атынан сатылатындықтан, өзіне тән жапсырмалар жинағына ие болды.

 

Басқару құралдары оң жақта орналасқаны болмаса, Omoda 5 EV-дің түсі де, интерьері де Шанхайда шығатын электрокармен бірдей. Тек ортаңғы тоннельдегі батырмалардың пішіні өзгерген.

 

 

 

 

Кроссовердің жабдықтар тізіміне Qualcomm Snapdragon 8155 чипі арқылы жұмыс істейтін 24.6 дюймдік қосарлы экраны бар медиажүйе кіреді. Автомобильдің жергілікті нұсқасы 224 ат күшін беретін электромотормен жүреді. Ол алғашқы жүздікті 7.8 секундта еңсереді. Жүріс қоры 450 шақырым, оны 35 минутта 80%-ке дейін қуаттауға болады.

 

Индонезиялық клиенттер Omoda 5 EV-ді 2023 жылдың төртінші тоқсанында сатып алады. Дәл осы кезде батареялы Omoda C5 Ресей нарығына шығады деген болжам бар. Алайда электрокардың Қазақстандағы болашағы белгісіз. Марка бензинді C5 кроссовері (11.9 млн теңге) мен S5 седанын (кемі 11 млн теңге) ұсынып отыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста