«Ниваға» негізделген коммерциялық көліктер

«Ниваға» негізделген коммерциялық көліктер

Ресейде Lada Niva Legend негізіндегі жаңарған коммерциялық техника топтамасын сату басталды, бұл модельдерді «ВИС-Авто» компаниясы құрастырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Топтамадағы барлық түрленімнің (саны 30-дан асады) жүк көтергіштігі орта есеппен 185 келі артқан.

 

Зауыт көлік құрылымын жақсартқан кезде «Ниваның» арнайы түрленімін қолданатын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тәжірибесін назарда ұстағанын айтады. Төтенше жағдайлар қызметі үнемі 80–100 % жүк тиелген автомобильмен жүреді, демек олардың Тольятти жүк көліктерінің артықшылығы мен кемшілігі туралы пікірі пайдалы болары сөзсіз.

 

Жартылай рамалы жүк көліктерінің шанағын қатайтып, рама мен кабина түйіскен жерін жақсартты. Бірақ аспа түрленімі туралы ақпарат жоқ, соған қарағанда модернизация жүк көтергіштігін арттыруға жеткілікті болған секілді.

 

Нәтижесінде Lada Niva Legend енді 580 емес, 800 келі жүк көтере алатын болды. Бұл екі орынды кабинасы мен борттық платформасы бар ең қарапайым модель. Ал ең аз жүк көтеретін екі орынды кабинасы бар фургонмен енді 420 емес, 640 келі жүк тасуға болады.

 

Коммерциялық «Ниваның» комплектациясы жалпы қолданыстағы нұсқалармен бірдей болады. Оларда да ABS жоқ және 5 сатылы механикамен жұмыс істейтін 83 ат күшіне ие 1.7 литрлік мотормен жүреді. Жүк көтергіштігінің артқаны агрегат пен тежеуішке қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.

 

Жаңарғаннан кейін коммерциялық топтама айтарлықтай қымбаттап кетті. Қазір жүк таситын ең арзан «Нива» 1 153 400 рубль (7.6 млн теңге) тұрады. Бұл бұрынғыдан 100 мың рубль (660 мың теңге) қымбат.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста