Mitsubishi жаңа кроссоверін көрсетті
10 тамызда Индонезияда өтетін халықаралық автосалонда Mitsubishi Motors жаңа кроссоверін дүйім жұртқа таныстырады. Атауын компания әзірге жариялаған жоқ, бірақ сырт пішіні белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы суреттерге қарап, машина 2022 жылы күзде шыққан XFC концептісінің сериялық нұсқасы екенін көреміз.
Көлік Т тәрізді шам, ірі радиатор торы мен жүксалғыш есігімен қосарланған күрделі бүйірлік пластикаға ие болды.
Автомобильдің көлемі Hyundai Creta және Kia Seltos-пен бірдей-ақ. Ұзындығы — 4390, ені — 1810, ал биіктігі — 1660 мм. Дөңгелек базасы белгісіз машинаның жол саңылауы – 222 мм.
Mitsubishi күштік құрылым туралы да мәлімет берді. Капот астында вариатормен жұптаса жүретін 1.5 литрлік мотор орнатылған. Барлық момент алдыңғы дөңгелектерге беріледі. Толық жетекті нұсқасы болмайды.
Көлік Индонезияға арнап жасалған. Өндірісі сол елден бастау алады. Кроссовер биыл қарашада сатыла бастайды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz