Mercedes-AMG S63 E Performance: жылдамдық үшін төлеңіз
Жетінші буын Mercedes-Benz S-Class (W223) 2020 жылдың күзінде шыққанын естеріңізге саламыз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Арада екі жыл өткенде Mercedes-AMG GT негізінде жасалған 802 аттың күшіне ие седан жарық көрді.
Толық жетекті 2.6 тонналық машина алғашқы жүздікті 3.3 секундта алады, ең жоғары жылдамдығы — сағатына 290 шақырым.
Қыста бағасы айтылмаған еді. Мамырда дилерлерге алғашқы легі жіберілетін болғандықтан, қаншаға сататыны белгіленді.
Мercedes-AMG S63 E Performance кроссоверінің құны Еуропада 208 400 еуро болса, 282 арғымақтың күшіне ие ауыр отынмен жүретін S350 d ол жақта 127 мың еуро тұрады.
Қазақстанда бағасы мүлде басқа екенін Kolesa.kz-тен көруге болады, салонда тұрған Mercedes-Benz S450 4MATIC моделін алам десеңіз, 108 млн теңге (221 мың еуро), ал S580 4MATIC таңдасаңыз, 132 млн теңге (270 мың еуро) санап бересіз.