Иран көліктері ЕЭО нарығына шығады

Иран көліктері ЕЭО нарығына шығады

Әлемдік брендтер Ресейден кеткеннен кейін Иран автоөндірушілері санкция шырмауында қалған елмен серіктес болуға ниетті деген ақпарат тараған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Енді олар сөзден іске көшкен сияқты. AV.by берген мәліметке сүйенсек, Минскідегі «Лаки Кэренси» ұйымы SAIPA маркасының өнімдерін сертификаттауға кірісіпті, болашақта оларды Беларусь пен Ресейде саудалайды.

 

SAIPA — ауқымы бойынша Ирандағы екінші автоөндіруші, бірақ модельдік топтамасы заманға сай деуге келмейді. Құрамында Quik хетчбэгі мен Saina, Shahin седандары бар.

 

Quick пен Saina 1987 жылғы Kia Pride платформасының жақсарған нұсқасы саналатын SAIPA X200 платформасына негізделеді. Екі автомобиль де 87 ат күшіне ие 1.5 литрлік мотормен жүреді. Агрегат механика не вариатормен жұмыс істейді.

 

Shahin базасында SAIPA SP1 жатыр. Одан Toyota B-ге тән шешімдер байқалады. Өйткені 2000 жылғы Yaris пен Vitz дәл осы платформаға негізделген. Shahin капотының астында 5 сатылы механика не 6 сатылы автоматпен жұптасқан 110 ат күшіне ие 1.5 литрлік қозғалтқыш тұрады.

 

 

 

 

SAIPA Quick

 

Автомобильдерге сертификат беру процесі шамамен үш айға жуық уақыт алады, содан соң модельдер Беларусь пен Ресей нарығына шыға бастайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста