Hummer EV дөңгелекті үйге айналды
Жақында Колорадо штатындағы Лавленд қаласында өтетін Overland Expo Mountain West көрмесіне Hummer EV Pickup EarthCruiser қатысады. Машинаға сол жерде тапсырыс беруге болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзақ уақыт қуаттау желісіне қосылу мүмкіндігі жоқ электромобильдің өміршеңдігіне қатысты қауіпті алдын ала болжаған EarthCruiser компаниясы Hummer EV Pickup батареясының қуат қорын пайдаланбай-ақ көлікті жеті тәулік автономды басқаруға болады деп уәде етті.
Тоңазытқыш, индукциялық плита, электр қуатымен жылитын бойлер, ауа баптау жүйесі, теледидар мен басқа да тұрмыстық құралдар сыйымдылығы 6 кВт·сағ 12 вольттық литий аккумуляторға қосылады. 1500 ваттық инвертор автоүйдегі 120 және 12 вольттық рәзеткелерді қуаттайды. Электр қуаты 605 Вт күн панелі арқылы толығып отырады.
Жатын бөлігі машинаның төбесінде орналасқан, ал төбесі жылжымалы етіп жасалыпты. Осының арқасында салонның биіктігі — 203 см, ал екі адамдық төсектің үстіндегі кеңістік 89 см-ге жетті. Кабинада душ пен дәретхана тұр. Сонымен қатар тұщы суға арналған 50 литрлік резервуар мен ағын суға арналған 26 литрлік бак, жарықдиодты шамдар, жорыққа қажет құрал-жабдық салатын орын және т.б. бар.
Стандарт Hummer EV Pickup-тың салмағы 4 тонна екенін ескерсек, оның толық жабдықталған нұсқасының қанша келі тартатынын болжау қиын.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz