Haval M6 Қазақстанға келді

Haval M6 Қазақстанға келді

Қытайлық Haval брендінің Қазақстандағы желісі тағы бір модельмен толықты. Ресми сатушылар H6-мен бір платформаны бөлісетін M6 кроссоверіне тапсырыс қабылдай бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Оның да алдыңғы бөлігіне артында көлденең тұрған қосарлы иінтірегі бар Макферсон аспасын орнатқан. Келесі айдан бастап салоннан таба аласыз, әзірге бағасы мен құрылымына тоқталайық.

 

 

 

 

Haval Қазақстан тұрғындарына кроссовердің 1.5 литрлік турбомотормен жабдықталған алдыңғы жетекті түрін ұсынады. 143 ат күші мен 202 Нм беретін агрегат 6 сатылы механикамен де, 7 сатылы автоматпен де жұмыс істейді.

 

 

Машина Comfort және Elite комплектациясында сатылады. Алғашқысының бағасы 9 млн теңгеден басталады. Алдыңғы қауіпсіздік жастығымен және шинадағы қысымды бақылайтын сезгек, биік жерге көтеріліп, түскенде көмектесетін жүйе секілді стандарт көмекшілермен жабдықталған. M6-да алдыңғы орындық пен айнаны жылыту жүйесі, климат-бақылау, экраны 10.25 дюйм болатын, 4 динамигі Bluetooth-ға қосылған медиажүйе бар. Орындықтары матамен қапталған және механикалық басқаруға бейімделген. Comfort-тың автомат қорабын таңдасаңыз, үстіне 1.6 млн қосып төлейсіз. Құны 10.6 млн теңге болады.

 

 

 

 

 

Elite нұсқасы шатырындағы рейлингпен, алдыңғы тұманға қарсы шамымен, кілтсіз ашу жүйесі, криуз-бақылау, артқы көрініске арналған камера және парктронигімен ерекшеленеді. Механикалық қорабы бар қымбаттау кроссовер — 9.7 млн, ал робот нұсқасы 11 млн теңге тұрады.

 

Алғашқы кезде көлік Қытайдан келеді. Бірақ 2025 жылы «Астана Моторс» мультибренд зауыты өз жұмысын бастағанда, автокөлікті өз елімізде шығару жоспарда бар.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста