Great Wall сәнді минивэн шығарады
Great Wall концерні минивэн нарығына оралу үшін Wey брендін таңдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін марка топтамасында тек кроссовер болған, енді ол қатарға Alpine моделі қосылады. Заманауи үлгіде жасалған сәнді вэн биыл қыркүйекте сатыла бастайды.
Wey Alpine-нің сұлбасы, ірі радиатор торы және хром детальдары Қытай нарығындағы өзге премиум минивэндерге ұқсайды. Бірақ жаңа өнімнің өзіндік ерекшеліктері де бар, мысалы, алдыңғы қанаты мен артқы есігіндегі қалыптауды айтуға болады.
Жеті орынды Alpine моделінің ұзындығы — 5045 мм, дөңгелек базасы — 3085 мм. Толық тәуелсіз аспасы 18 дюймдік дөңгелек дискісімен үйлесім тапқан.
Екінші қатардағы екі бөлек кресло бизнес-вэн сегментінің ерекшелігіне сай келеді. Оларды жеке реттеуге, желдетуге болады, сондай ақ 10 аймақты массаж бен жинауға болатын аяқ тіреуіш бар. Артқы диван үш адамға арналған.
Жабдықтар тізіміне панорамалы терезе, Harman/Kardon акустикасы және көлемі 12.5 литр тоңазытқыш (14 банка сусын сыяды) енеді. Жүргізуші алдында екі үлкен экран мен мультирөл бар, ал ортаңғы тоннельде зат салуға арналған бокс пен сымсыз қуаттау ұяшығы орналасқан.
Марка Wey Alpine-ді екі мотормен жабдықтайды. Алдыңғы осьте 156 ат күшіне ие бензинді мотор, артқы осьте 184 ат күшіне ие электромотор тұр. Демек модель толық және артқы жетекті болады.
Қытайда жаңа минивэн 350–400 мың юань (21.6–24.7 млн теңге) тұрады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz