«Гранта» тағы бір опциядан арылады

«Гранта» тағы бір опциядан арылады

Бес есікті Lada XRAY тарих қойнауына кетті, енді марка сайтында бұл модель туралы ақпарат мүлде жоқ. Негізі концерн оны топтамадан шығарады деген сыбыс 2021 жылы тараған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Одан бөлек АВТОВАЗ Lada Granta комплектациясын тағы жеңілдетті, бұл жолғы шешім көлік бағасына біршама әсер етеді.

 

XRAY моделін жаңартудан Тольяттидегі зауыт 2021 жылы «Грантада» 8 клапанды мотор пайда болған кезеңде бас тартқан. Сол кезде басшылар «икс рейге» қатысты жоспар жоғын мәлімдеп, Lada Vesta NG жобасын әзірлеп жатқанын айтты. Сөйтіп, бес есікті шағын көлік екі жыл бұрын ескерусіз қалды. Оның үстіне XRAY не Ресей нарығында, не біздің елде өз орнын таба алмады.

 

 

Renault-мен арадағы байланыстың үзілуі АВТОВАЗ-ды тығырыққа тіреді. Lada XRAY құрастыру үшін негізінен француз жабдықтары керек еді, ал олар бөлшек жеткізуден бас тартты. Сондықтан зауыт пайдасы көбірек Lada Largus өндірісін қайта бастау туралы шешім қабылдады.

 

Қыркүйекте концерн басшысы Максим Соколов Lada XRAY өндірісі толық тоқтағанын растады. Алайда ресми түрде модельді онлайн-сөреден жақында ғана алды. Бұл дилер қорының енді таусылуымен байланысты болса керек.

 

Lada Granta-ға келер болсақ, санкция салдарынан біраз функциядан қағылған көлік тағы бір опциядан айырылатын сияқты. RCI News тобының дереккөздері модель орталық құлыпсыз жасалатынын хабарлапты.

 

 

Оның орнына қарапайым механикалық құлып болады, бұл «Грантаның» 3 мың рубль (20 мың теңгеге жуық) арзандауына әсер етуі керек. Қазір бұл опция 678 300 рубль тұратын ең арзан седанда да бар. Мұндай көліктер қашан шығатыны белгісіз, орталық құлыптан бас тартуға не себеп болғаны да айтылмады. Дегенмен зауытта тағы бөлшек жетпей жатқан болуы мүмкін.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста