Еуропада аса танымал кабриолет кроссовер болып шықты
Кроссовердің жақсы кабриолетке айналуы сирек кездесетін құбылыс. Nissan Murano CrossCabriolet немесе Range Rover Evoque Convertible бұған дәлел. Осы себепті 2019 жылдың аяғында Volkswagen жол талғамайтын мини T-Roc-тың ашық нұсқасын шығарғанда көпшілік оның болашағына күмәнмен қараған-ды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бірақ бұл пессимистік болжам жүзеге аспады. Еуропа автонарығындағы сауда көрсеткіші фольксваген маркасының кабриолеті төртінші жыл қатарынан жоғары сұранысқа ие болып, сәтті сатылып жатқанын көрсетті. Алғашқы жеті айда марка дилерлерге 8732 автомобиль жөнелткен, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 9.6 % көп.
Mazda MX-5
Оснабрюк қаласындағы зауыттан шыққан T-Roc кросс-купесі бәсекелесі Mazda MX-5-ті (қаңтар-шілде аралығында 4570 данасы өткен) басып озып, өз сегментіндегі ең табысты автомобиль атанды. Үздік үштікті 2155 данасы өткен Alpine A110 спорткары түйіндеді. Бұл экзотикалық әрі қымбат машина үшін өте жақсы көрсеткіш.
Volkswagen T-Roc Cabrio-ны да арзан көлік дей алмайсыз. Grey Edition комплектациясының құны 45 мың еуродан басталады, ол бес есікті жабық стандарт түрінен 8 мың еуро қымбат.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz