Chevrolet Onix Қазақстанда құжат алды

Chevrolet Onix Қазақстанда құжат алды

Қазақстанда шығатын жаңа Chevrolet моделі Көлік типін мақұлдау құжатын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Біз Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында жасалатын, марка топтамасынан шыққан Nexia R3-тің орнын басатын Onix седаны жайлы айтып отырмыз.

 

 

4.5 метрлік Onix Қазақстанда екі түрлі күштік құрылыммен сатылады. Олар 1.2 литрлік 3 цилиндрлі моторлар. Қарапайымдау агрегат (LIF) — атмосфералы, 90 ат күшіне (115 Нм) ие, ал екінші қозғалтқыш турбоүрлемді (L4H), ол 132 ат күші мен 190 Нм береді. Көлік типін мақұлдау құжатында беріліс қорабы туралы ақпарат жоқ. Өзбекстанда седанның атмосфералы моторы 5 сатылы механикамен, ал турбомоторы 6 сатылы автоматпен жұптасады. Модельді құрастыруға арналған автобөлшек бізге дәл осы оңтүстіктегі көршімізден келеді.

 

Сондай-ақ құжаттан модельдің арзан нұсқасына зауыт 185/65 өлшемді шинамен қапталған 15 дюймдік дөңгелек дискісін орнататынын білуге болады, ал қымбатырақ көлікке арналған дөңгелек өлшемі — 195/55 R16.

 

 

Қазақстан нарығына арналған модельдің комплектациясы туралы ақпарат жоқ, бірақ ол Өзбекстандағы нұсқалармен бірдей болуы мүмкін. Мына бір қызық детальді айта кеткен жөн: Көлік типін мақұлдау құжатында ЭВАК жүйесі бар-жоғы жазылмапты әрі құжат ЕЭК кеңесінің 2022 жылы 15 сәуірдегі № 77 және 2022 жылы 23 қыркүйектегі № 161 қаулысына сай берілгені туралы ескерту бар. Аталған қаулы 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін SOS батырмасы жоқ машина шығаруға рұқсат береді, бірақ мұндай машинаны 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта жабдықтау керек.

 

Chevrolet Onix өндірісі Қостанайда қашан басталатыны қазірше белгісіз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста