Үш жыл бұрын Cadillac Optiq деген атауды тіркеген, енді оны жарыққа шығаратын кез келді. Қысқаша атуға ие орта өлшемді батареялы кроссоверді Уханьдағы СП GM-SAIC зауыты өндіреді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Машина Қытайда 2023 жылдың екінші жартысында сатылымға шығады. Бағасы 300 мың юаньннан (42 мың доллар) басталады, ал флагмандық ЕV топтамасының Lyriq моделі елде 380 мың юань (52 мың доллар) сатылып жатыр.
Қытайдың өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар министрлігі сатылатын барлық машина туралы ақпарат жарияланған каталогта «Оптиктің» алдын ала сипаттамасын жариялады. Өлшемі 4822×1912×1642 мм, ал дөңгелек базасы 2954 мм болатын Optiq флагмандық Lyriq-тен кіші, бірақ бензинді XT5 кроссоверіне жақындайды.
Нарыққа қуаты екі түрлі (201 және 244 а.к.) бір электромотормен жабдықталған түрленім шығады. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 180 шақырым болады. Кейін бұдан қуатты мотор шыға ма, жоқ па белгісіз. Батареяны SAIC мен CATL бірлескен кәсіорыны өндіреді.
Optiq — Cadillaс-тың үш электромобилінің бірі. Тұсакесері 2023 жылға жоспарланған. Кроссовердің бәрі тарихи отанында сатылмайтын сияқты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz