BYD Өзбекстанда зауыт ашады

BYD Өзбекстанда зауыт ашады

BYD брендінің Өзбекстан нарығына шығуға ниеттеніп жүргені былтыр жазда белгілі болған. Жуырда BYD Uzbekistan Factory жұмыс бастайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап. 

 Бұл автоөндірушінің шетелдегі алғашқы кәсіпорны екен.

 

Өзбек еліне аяқ басқан бренд мұнда өнімдерін толық циклды әдіспен құрастырып, саудалайды.

 

Бастапқы кезеңде үш модельдің бірнеше түрленімі жасалады. Алғашқысы аспан асты елінде Destroyer 05 атауымен танымал Chazor 05 DMi гибриді. 4.8 метрлік седан 110 ат күшіне ие 1.5 литрлік қозғалтқыш пен 180 не 197 ат күшін беретін электромотор арқылы жүреді. Агрегаттың шамасы батареясына байланысты 55-120 км жол жүруге жетеді.

 

 

 

 

 

BYD Song моделін моторы (184 а.к.) алдында орналасқан электромобиль түрінде және гибрид нұсқасында ұсынады деген болжам бар, бірақ гибрид нақты қандай болатыны белгісіз.

 

 

Модельдік топтамадағы флагман Han электромобилі болуы мүмкін. Ұзындығы бес метрге жуық, дөңгелек базасы 2.9 метр болатын машина бірнеше күштік құрылыммен сатылады. Қарапайым комплектациясы 245 ат күшіне ие қозғалтқышпен, ал толық жетекті үздік нұсқасы 517 «арғымағы» бар агрегатпен жабдықталады. Жүріс қоры 610 шақырымнан 715 км-ге дейін жетеді.

 

 

BYD электромобильдері өзбек халқына таңсық емес екенін айта кеткен жөн. Базарда да, салонда да бренд модельдері кездеседі.

 

Марканың Өзбекстандағы өкілдері өндіріс жұмысы қашан басталатынын айтпағанмен, көліктерін жақында саудаға шығаратынын мәлімдеді. «Китайские автомобили» порталы таратқан мәліметке сүйенсек, BYD машиналары ақпанда автосалонға шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста