Bugatti Chiron Profilee әлемдегі ең қымбат жаңа автомобиль атанды

Bugatti Chiron Profilee әлемдегі ең қымбат жаңа автомобиль атанды

Былтыр Bugatti тағы бір Chiron сатуға дайын екенін мәлімдеп, клиенттерінің есін шығарды. Ал оған дейін жарық көрген аса қымбат гиперкарлар баяғыда сатылып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жер бетінде баламасы жоқ жалғыз Chiron Profilee ашық аукционға шығып, 9 792 500 еуроға өтті. Бұл бірегей Bugatti-дің бәссаудаға қатысқан ең қымбат жаңа автомобиль атануына ықпал етті.

 

Көлікті ашық аукционда саудалау Bugatti-ге тән әрекет емес, өйткені оның көліктері ресми таныстыру алдында сатылып кетеді. Ал үлгермей қалғандар қолдан алуға мәжбүр. Француздар бұл жолы ерекше науқан өткізіп, Chiron Profilee тарихына жұрт назарын аударғысы келген сияқты, оның қаншаға бағаланғанын ескерсек, фирма мақсатына жетті деуге болады.

 

 

 

 

Profilee сұраныс бойынша жасалды. Марка клиенттері компаниядан алыс жол жүргенде жайлы болатын гиперкар сұраған. Сондықтан мамандар көліктің аэродинамикасын өзгертті.

 

 

 

 

Компания мұндай Chiron-ды көптеп шығарамыз деп жоспарлаған, алайда өндіріс слоттары түгел сатылып кетіпті. Ал Profilee жасайтын орын болмаған. Дегенмен компания қолға алған ісін аяқтап, гиперкарды Еуропа жолдарына шығару үшін сертификат алды.

 

Chiron ерекше әрленген. Өз дөңгелек дискісі, эксклюзив шанақ түстері бар, салоны өрме былғарымен қапталған. Оны жасауға 2665 метр былғары кесіндісі кетіпті. Моторы стандарт — 1600 арғымақтың күші бар 8 литрлік W16. Гиперкар алғашқы жүздікті 2.3 секундта алады. Айтпақшы, Profilee осы қозғалтқышпен жүретін соңғы жаңа Bugatti, құнына осы жағдай да әсер еткен секілді.

 

 

Chiron Profilee бағасы ресми расталған жаңа автомобильдер арасында рекорд жасап отыр. Бірақ ресми емес дерек бойынша нағыз рекордсмен — Rolls-Royce Boat Tail кабриолеті. 2020 жылғы машинаны иесі 25 миллион еуроға алған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста