БҚО-да полицейге пара бермек болған жүргізуші ұсталды

БҚО-да полицейге пара бермек болған жүргізуші ұсталды

Полицейге 100 мың теңге пара бермек болған жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24» БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Оқиға Бәйтерек ауданы, Дариян ауылы маңында болды.

 

Трассаны бақылау кезінде полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Corolla автокөлігін тоқтатқан.

 

«Жүргізушіден спирттік ішімдіктің исі шығып, полицейлер әкімшілік хаттаманы ресімдей бастаған кезде С-ның бұдан бұрын да мас күйінде автокөлік рөліне отырғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Бұдан кейін жүргізуші ішімдік ішкенін мойындап, 100 мың теңге ұсынған», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

 

Патрульдік полиция қызметкерлері пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне қарамастан, жүргізуші ақшаны қызметтік көлік төсенішінің астына салған.

 

Оқиға орнына Приурал полиция бөлімінің жедел тергеу тобы келіп, мас жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 367 бабы 1бөлігі пара беру және 346 бабы 1 бөлігі бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлікті басқаруы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста