BMW XM Label Red — марканың ең қуатты автомобилі

BMW XM Label Red — марканың ең қуатты автомобилі

2022 жылы күзде жарық көрген BMW XM гибриді премиум көлік болғанымен, өзінен елу мың доллар арзан X6M бензинді купе-кроссоверден баяу жүрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

Автоөндіруші XM тұсаукесерінен алты айдан кейін модельдің BMW XM Label Red деп аталатын үздік түрленімін таныстырды, стандарт кроссовер 800 Нм және 644 ат күшіне ие болса, соңғысының моторы 738 ат күші мен 997 Нм момент береді. Электромотор қуаты өзгермеген, күштік құрылымның жалпы қуаты 8 цилиндрлі битурбомоторды түрлендірудің арқасында артты. Электрлі режимде жол жүру қашықтығы елу километрден асқан жоқ.

 

BMW XM Label Red жүзге дейінгі жылдамдық көрсеткішінде Porsche Cayenne Turbo S E-Hybrid-тен оза алмады деп жазды Carscoops. Cayenne алғашқы жүздікті 3.6 секундта алса, XM нәтижесі — 3.7 секунд. Кроссовердің ең жоғары жылдамдығы 250 км/сағ мөлшерінде шектелген, ал M Driver’s Package пакетін қосқанда XM жылдамдығы сағатына 280 км-ге жетеді.

 

 

 

 

BMW XM Label Red-тің «танауы», бүйірлік әйнегі, габариттік шамы және дөңгелек дискісі қызыл түспен жиектеліпті, мұндай әрлеу Individual Frozen Carbon Black деп аталатын шанақ түсіне сәйкес келіп тұр. Бес орынды былғары салоны да қызыл және қара түсте жасалған. Төрт аймақты климат-бақылау мен Harman Kardon аудиожүйесі стандарт жабдықтар тізіміне енеді. Ал Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound жүйесін опция ретінде таңдауға болады.

 

BMW XM Label Red Спартанбург қаласындағы (Оңтүстік Каролина штаты) зауытта шығады. Машина дилерлерге тамызда жетеді. Бұған дейін кроссовердің кем дегенде 185 мың доллар (әдеттегі XM-нен 25 мың доллар қымбат) тұратыны белгілі болған. Бірақ инфляцияны ескерсек, бұл баға өзгерген болуы мүмкін.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста