BMW X5 пен X6-ны жаңартты

BMW X5 пен X6-ны жаңартты

BMW компаниясы X5 кроссовері мен X6 кросс-купесін рестайлингтен өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар екі модельдің өңін біршама өзгертіп, салонға үлкен экран орнатқан. Мотор гаммасы жаңа гибридпен толықты, ал басқа моторлардың қуаты артты.

 

 

Экстерьеріндегі негізгі өзгерістер

 

Екі көлікке де жүріс шамдары басқаша жанатын жіңішке оптика орнатқан, ондағы жебе секілді қондырмалар бұрылыс сигналы рөлін атқарады. Артқы шамда L тәрізді жарық жазу пайда болды. Радиатор торы жұрт күткендей ірі болмағанмен, BMW X5 алсаңыз, жарықбергішке тапсырыс беруге болады. Жаңа бамперінің ауа тартқышы тік орналасқан.

 

 

 

 

 

Салонда жаңа не бар?

 

Кроссоверлер салонында цифрлы Live Cockpit пайда болды. Ол әйнек артында орналасқан 12.3 және 14.9 дюймдік екі экраннан тұрады. Экранмен бірге медиажүйе де жаңарды. Одан бөлек атмосфералы күңгірт шам орнатып, табиғи және жасанды былғарының бірін таңдауға болады.

 

 

 

 

Моторы жаңарды ма?

 

Бензинді, дизельді 6 цилиндрлі қозғалтқыштар мен 4.4 литрлік V8 бұдан былай стартёр-генератормен жұмыс істейді. Ол агрегат қуатына қосымша 12 ат күші мен 200 Нм үстейді. Бензинмен жүретін 6 цилиндрлі мотордың қуаты 47 ат күшіне (380 а. к.) артса, дизельдің бойында 298 арғымақтың күші бар.

 

Жақсарған 4.4 литрлік V8 кроссоверлер гаммасына M60i жаңа нұсқасын қосуға мүмкіндік берді. Ол жылдамдығы артқан (530 а. к.; 750 Нм) мотормен жабдықталады, мұндай машина алғашқы жүздікті 4.3 секундта алады. Ол рестайлингке дейінгі BMW X5 M Competition моделінен небәрі жарты секунд баяу, бірақ концерн үздік нұсқалар туралы мәлімет берген жоқ.

 

 

X5 пен X6-да гибрид күштік құрылым болады. X5 xDrive50e нұсқасына 313 ат күшіне ие алты цилиндрлі бензинді қозғалтқыш пен өз редукторы бар электромотор (197 а. к.) орнатады. Жалпы 490 ат күші мен 700 Нм момент беретін күштік құрылым автомобильдің 4.8 секундта жылдамдық алуына жағдай жасайды. Аккумулятордың арқасында гибрид көліктер 94-110 шақырым жол жүре алады.

 

 

Шассиінде өзгеріс бар ма?

 

Қос кроссовердің көлденең тұрақтандырғышы жақсарды. Базалық комплектацияға кіретін бейімді аспаны пневматикалық түріне ауыстыруға болады. Зауытта 19-21 дюймдік дөңгелек дискілер орнатады, бірақ қосымша ақша төлеп, 22 дюймдік дөңгелек алуға мүмкіндік бар. Жүргізушіге көп пайдасы тиетін көмекшілер мен онлайн-сервистер көбейген.

 

BMW машиналарды Спартанбург қаласындағы зауытында құрастырады. Сәуірде сатыла бастайтын қос көліктің әзірше АҚШ-тағы бағасы ғана белгілі. X5 sDrive40i моделінің ең арзаны 65 200 доллар, ал X6 M60i xDrive 93 600 доллар тұрады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста