BMW M4-тен қымбат Toyota Yaris

BMW M4-тен қымбат Toyota Yaris

Жапониядағы аукциондардың бірінде саудаға түскен Toyota Yaris үшін Гонконг тұрғыны 18 165 000 иен (шамамен 140 мың доллар) санап берген. Сонша құнды болуына түрленімі әсер етіпті. Ал су жаңа BMW M4 күншығыс елінде 13 250 000 иен тұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota GR Yaris нарыққа шыға салып, көптің көңілінен шықты. Кейін Toyota мен Gazoo Racing үш есікті көліктің GRMN Yaris деп аталатын сұсты түрленімін әзірледі. Сол кезде компания мұндай спорткардың тек 500 данасын шығаратынын және өз отанында ғана саудалайтынын мәлімдеді.

 

 

 

 

 

Toyota GRMN Yaris Circuit Package

 

Жұртты дүрліктірмеу үшін өндіруші машина алуға өтініш бергендер арасында лотерея ойнатады. Жеңімпаздардың бірі автомобильді инвестиция ретінде бағалап, уақыты келгенде сатуды жөн көрген сияқты. Өйткені аукционға қатысқан модель небәрі 66 шақырым жол жүрген.

 

GR Yaris қарапайым нұсқадан қатты шанағымен, карбон капотымен және жеңіл салмағымен ерекшеленеді. Салмағын түсіру үшін мамандар диван орнына стандарт кресло орнатқан. Машина 272 ат күшіне ие 1.6 литрлік мотормен жүреді, бірақ момент 370 Нм-ден 390-ға артқан. Одан бөлек спорткарға беріліс сандары өзгерген 6 сатылы механика қорап орнатты.

 

 

 

Аса құнды Toyota GRMN Yaris суреттерінен ірі антиқанаты мен ірілеу бүйірлік табалдырығын көруге болады. Бұл құрамына Bilstein амортизаторы, анағұрлым қуатты тежеуіштер мен 18 дюймдік BBS дөңгелегі кіретін Circuit опциялар пакетінің бір бөлігі.

 

Toyota GRMN Yaris Circuit-тің бастапқы бағасы 8 467 000 иен болған. Жаңа иесі екі есе артық ақша жұмсады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста