Бір Bugatti-ді бояуға 700 сағат кетеді

Бір Bugatti-ді бояуға 700 сағат кетеді

Bugatti компаниясы аса қымбат көлікке лак-бояу жабынын жағу процесін көрсетті. Тапсырыс берушінің бар талабын орындау үшін шеберлер автомобильді сырлауға 700 сағат жұмсайды екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Компания мамандары шанақтың әр элементін мұқият тексеріп, сызат, жарық сияқты ұсақ кемшіліктер бар-жоғын анықтайды. Содан кейін бетін тегістеп, жылтыратып өңдейді. Бұған шамамен 100 сағат кетеді.

 

 

Тағы 100 сағат базалық бояу қабатын жағып, кептіру және өңдеу үшін қажет. Бұл әрекет шанақ түсінің қанық болуына ықпал етеді. Содан кейін ғана шанақ бөліктерін сырлау басталады.

 

 

Бояған соң барлық бөлікті өзара салыстырады, егер сәл айырмашылық байқалса, деталь қайта сырланады. Компания әртүрлі материалды (металл, көмірпластик) бір түске бояу қажет болғандықтан қиындық туатынын айтады. Шанақта олар бірдей көрінуге тиіс.

 

 

Соңғы мәрте өңдеу төрт күнге созылады. Процесс дайын шанақты 10 сағат бойы жарық тоннельде зерттеумен аяқталады. Ерекше тәсілмен орналасқан жарық көздері бояудағы білінер-білінбес ақаудың өзін көруге мүмкіндік береді. Демек компания бір машинаны бояуға басқалар көлік құрастыратын уақыт жұмсайды.

 

 

Bugatti-дің әр автомобильді асқан ұқыптылықпен жасауға мүмкіндігі бар, өйткені ол үшін өндіріс көлемі маңызды емес. 2022 жылы фирма тапсырыс берушілерге небәрі 80 көлік жеткізді, бірақ соның өзін рекорд деп жариялады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста