Автомобильге жеңілдетілген несие алғандардың тізімі ашық жариялануы мүмкін

Автомобильге жеңілдетілген несие алғандардың тізімі ашық жариялануы мүмкін

Жеңілдетілген несиемен автомобиль алған қазақстандықтардың аты-жөні жариялануы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа «Автомобильге жеңілдетілген несие алған отандастарымыздың тізіміне қол жеткізу мүмкіндігі бар ма?» деген сауал қойды. Министр сұрақты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаровқа аударды.

«Мәселені бағдарламаға қатысушылардың алдында көтеріп, қарастырамыз», - деді ол.

Министр М. Қарабаевтың мәлімдеуінше, автомобиль несиесінің сайты жетілдіріле түседі.

«Жалпы, аталған бағдарлама ашық жүзеге асырылады. Адами факторға жол берілмейді. Бағдарлама жұмысын жетілдіре түсуге арналған ұсыныстарды қарауға әзірміз», - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін автомобильге жеңілдетілген несиеге өтінімді смартфон арқылы беру мүмкіндігі туралы айтылған еді.

Сондай-ақ, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сұраныстың артуына байланысты қосымша қаржы бөлу мәселесі туралы сауалға жауап берді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста