Алматы көшелеріне жаңа Yutong автобусы шықты
Қалалық мобильділік басқармасы Kolesa.kz редакциясына сынап көру үшін бір автобус алғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Ол наурыздың басында жолға шыққан.
Шенділердің сөзінше газбен жүретін Yutong 6116-ны жеке автопарктердің бірі алыпты.
Модель 2021 жылы шыққан. Салоны 70 адамға шақталған. Шанағы мырышталған. Беріліс қорабы — автомат, аспасы — пневма. Қозғалтқыш көлемі — 7.52 литр. Газбен жүретін көліктің төбесіне 120 литрлік 8 баллон орнатыпты.
Автобусты Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы QazTehna зауытының мамандары құрастырды. Кәсіпорын қызмет ету мерзімі 10 жыл деп белгілепті.
Біраз уақыт бұрын соған ұқсас автобус Алматының әр ауданында аракідік жүретін маршрутта көзге түскен.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу