40 миллион долларға бағаланған ескі Ferrari

40 миллион долларға бағаланған ескі Ferrari

Жаздың соңғы айында Bonhams аукционына 1967 жылғы Ferrari 412P шығады. Бренд осындай төрт прототип әзірлеген, оның екеуін ғана дербес автомобиль ретінде құрастырды. Бір спорткар енді саудаға түседі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

Ferrari 330 P3 әйгілі «Ле-Мандағы 24 сағат» жарысында Ford GT40-пен жүлдеге таласып, танымал болды. Мамандар соның негізінде жекелеген командаларға сату үшін прототиптің қарапайымдау нұсқасын жасаған. Мәселен, 4 литрлік V12-ні Lucas бүрку жүйесімен емес, Weber карбюраторымен жабдықтады.

 

 

0854 нөмірлі машинаның тарихы бай. Ол 1967 жылы «Ле-Ман» және «1000 шақырым Спа» сайыстарында бой көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Бұл Ferrari-дің чемпионатта беделін арттырып, өндірушілер кубогын алуына ықпал етті. Спорткар Еуропа, Оңтүстік Африка және АҚШ-та түрлі жарыстарға қатысты.

 

 

Прототип көп адамның қолынан өткен, бір кісі тіпті жалпы қоданыстағы жолға бейімдемек болыпты. Ал қазіргі иесі сатар алдында бастапқы күйіне келтіруге біраз ақша жұмсаған. Бұл іс 9 жыл уақыт алыпты.

 

 

Көпті көрген тағы бір Ferrari тамызда саудаға түседі. 1964 жылғы Ferrari 250 LM екі есе арзан бағаланған. Бұған модель саны әсер еткен сияқты, компания 250 LM купесінің 32 данасын шығарды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста