2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына өзгеріс енгізілмек

2023 жылдың қаңтар айынан бастап көлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді. Бұған дейін сақтандыру бағасы айлық есептік көрсеткіш пен жүргізушінің өтіліне байланысты болса, енді полис тіркелетін аймақтағы жол-көлік оқиғасының санына қарай белгіленбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Егер көлік Нұр-Сұлтан сынды мегаполисте тіркелсе, сақтандыру бағасы аудан орталығында тіркелген көліктікіне қарағанда қымбатырақ болмақ. Яғни шет аймақта тұратын жүргізушілер үшін сақтандыру арзанға түседі. 

"Меніңше, барлық аймақта сақтандыру бағасы бірдей болуы керек. Егер жол сапасы жақсы болса, мұндай өзгеріспен келісетін едім. Мұны әділетсіздік деп санаймын. Бәлкім, белгілі адамдардың қызығушылығы үшін жасалып отыр", – дейді нұр-сұлтандық көлік жүргізуші.

"Егер мен жол апатына түспесем, неліктен көбірек төлеуім керек. Бірнеше жылдан бері жол апатына ұшыраған жоқпын. Бассыздық қой. Көп ақшаны қайдан аламыз", – деп қосты тағы бір жүргізуші. 

"Мұндай өзгеріспен келісемін. Себебі қала тұрғындарының табысы жоғары. Бәлкім, табыс үшін салынған жасырын салық шығар", – дейді жүргізушілердің бірі. 

Ал сарапшылар мұндай жаңашылдықтың сақтандыру полистері үшін тиімді екенін айтады. Баға өскен сайын полистердің табысы да артады.

"Егер баға расымен өссе, полистердің жауапкершілігін де арттыру мәселесі көтерілу керек. Бұл мәселе 2018 жылы да қозғалған. Осы кезде жол апатынан зардап шеккен көлікке төленетін өтемақының максималды көрсеткішін 600 АЕК-ден 1 200 АЕК-ге дейін көтеру туралы айтылған. Алайда адам қаза тапқанда, жол апатынан алынған жарақат кезінде берілетін өтемақы мөлшері өсті", – дейді "Жол апатынан кейінгі мәселені реттеу бюросы" ЖШС директоры Сергей Ставицкий.

Сарапшылар бағаны өсіру туралы айтқанда ортадағы тепе-теңдікті сақтау керек дейді. Яғни сақтандыру құны көтерілсе, полистерге артылатын жауапкершілік те өсуі қажет.

"Қазір сақтандырушылар төлейтін өтемақының шекті мөлшері 600 АЕК, 1 837 800 теңге. Мысал ретінде айтайын, 2012 жылы 3 миллион теңге болған көлік қазір 10 миллион теңге. Көлік бағасы үш есеге артқан. Қосалқы бөлшектер де қымбаттайды. Бірақ сақтандырушылар төлейтін ақша 19 жылдан бері өзгеріссіз тұр. Ортада тепе-теңдік болу керек. Сақтандыру бағасымен бірге жауапкершілік те өсуі қажет", – деп қосты Сергей Ставицкий.

Мамандар тіркелетін орынға қарай баға тағайындалса, жүргізушілер мұндай жаңашылдықты айналып өтетін амалдарды іздейді дейді. Мысалы, көлігін шалғай аймаққа тіркейді. 

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста