200 мың теңгеге қандай көліктерді заңдастыруға болады?

200 мың теңгеге қандай көліктерді заңдастыруға болады?

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап жазды.

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарына қатысты қолданылады», делінген хабарламада.

 

Бұл санатқа мыналар жатады:

 

*жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа, сегізден аспайтын жолаушылар отыратын орны бар көлік құралдары;

 

* жүргізуші орнынан басқа сегізден астам отыратын орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары;

 

* техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары.                                                        

Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркеген кезде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады.

 

«Қаулыда көрсетілмеген санаттарға жататын көлік құралдарын алғашқы тіркеуден өту барысында, Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағында бекітілген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкалары бойынша алым төленеді», делінген МКК мәліметінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста