1 368 500 еуро тұратын «Гелендваген»

1 368 500 еуро тұратын «Гелендваген»

Сирек автомобильдер сататын Hollmann дилері ілуде бір кездесетін әрі өте қымбат пикапты саудаға салады. Mercedes-Benz 2010 жылдары G 63 базасында жүзге жуық жүк көлігін шығарған. Біразы Brabus шеберлерінің қолына түсті. Біз сөз етіп отырған машина солардың бірі, ол небәрі 200 шақырым жол жүрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ательеде Brabus B63S-700-дің қуаты артты. Mercedes-Benz оған 544 ат күші мен 760 Нм беретін 5.5 литрлік V8 орнатқан, бірақ жаңа жүйе мен жеке басқару блогы арқасында Brabus мотор қуатын 700 ат күші мен 960 Нм моментке жеткізді. Ал оталу уақыты 6 секундтан 4.4 секундқа қысқарды.

 

Қозғалтқышы 7 сатылы автоматпен жұмыс істейді. Толық жетекті көлік трансмиссиясы бір мезетте бес дифференциал бұғаттағыш қолданады.

 

Brabus «Гелендвагеннің» жүріс бөлігін Ohlins амортизаторы, балама серіппе және 18 дюймдік дөңгелек көмегімен жаңартты. Жол саңылауын 450 миллиметрге жеткізді. Одан бөлек карбоннан бастырық жасап, қосымша жарықшам орнатты.

 

 

 

 

Саудаға түсетін көлік ірі бамперімен және екі шноркелімен ерекшеленеді. Салоны қоңыр және қара түсті қымбат былғарымен қапталған. Артқы қатарда ортасын консоль бөліп тұрған екі орындық бар. Әр жолаушы үшін жеке медиажүйе экранын қойыпты.

 

Мұндай пикаптар өте сирек кездескенмен, ара-тұра саудаға түсіп жатады. Мәселен, 2021 жылы комплектациясы жұпынылау пикап онлайн-аукционға қатысты. Сауда қызған сәтте бағасы 1 350 000 долларға жеткен, алайда бұған көлік иесінің көңілі толмай, мәміле жасаудан бас тартты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста