Шетелдік көліктер қашан заңдастырылады?

Шетелдік көліктер қашан заңдастырылады?

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті тиісті қаулы жобасын дайындады. Құжатқа сай қылмыстық іздеуде жүрген, оң рөлді және ҚР «Жол қозғалысы туралы» заңының 67 және 68-бабында көрсетілген көліктер заңдастырылмайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін келген машиналарды жеңілдікпен тіркеуге мамандандырылған ХҚКО немесе «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беруге болады.

 

Машинасын заңдастыру үшін азаматтар мына құжаттарды ұсынуы керек:

 

- өтініш;

- өтініш берушінің жеке куәлігі;

- көлік құралының паспорты және/немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

 

Мамандандырылған ХҚКО немесе портал арқылы құжат қабылданғаннан кейін машина тексеріске жіберіледі, тексеріс нәтижесі автокөлік фотосуретімен бірге арнайы базаға енеді.

 

 

Заңдастыру туралы өтініш екі жұмыс күні ішінде қаралады. Содан кейін рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім шығады. Шешім көлік иесіне 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы жіберіледі. Хабарламада машина маркасы, моделі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі және қабылданған шешім жазылады.

 

Мынадай жағдайда заңдастырудан бас тартады:

 

* құжаттар толық болмаса;

* ұсынған құжатта өшірген және түзеген жерлер болса;

* ұсынған құжаттар ҚР заңы бойынша мұндай құжатқа қойылатын талапқа сай келмесе;

* көлік құралы бұрын тіркелген елде заңды тәртіппен есептен шықпаса.

Өтінішті қабылдамауға негіз болған себеп жойылса, көлік иесі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қайта өтініш бере алады.

 

Сондай-ақ елге 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін келген машиналар заңдастырылмайды. Полицейлер көлік әкелінген күнді шекара қызметі мен сақтандыру компаниясының деректер базасы арқылы анықтайды.

 

Заңдастыруға рұқсат алған ЕЭО-ға мүше емес елден келген (мысалы, Грузиядан) машина кедендік тазартудан өтуі керек.

 

Заңдастыруға рұқсат алған көлік иесі алғашқы тіркеу ақысы ретінде 200 000 теңге төлейді. Мұндай машина утиль алымынан босатылады.

 

Қырғызстаннан келген көлікті заңдастыру

 

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін келген, Қырғызстан заңына сай алымдарды төлеп, кедендік тазартудан өткен машиналар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін сату құқығын шектей отырып елде тіркеледі. Аталған мерзімнен кейін машина ЕЭО тауары болып танылады да, оны сатуға шектеу алынып тасталады.

 

 

Армениядан келген көлікті заңдастыру

 

2023 жылғы 1 қаңтардан кейін ЕЭО тауары болып танылатындықтан, армениялық көліктер қайта сату құқығын шектеместен тіркеледі. Бұл қазір сары нөмірмен жүрген машинаны да, А әрпін тағып жүрген көлікті де қамтиды.

 

 

Көлік құралының паспорты және/немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоқ болса, көлік құралына бұрын ЕЭО аумағында жол жүруге немесе пайдалануға рұқсат берілмеген болса және іздеуде болмаса, онда машинаны ЕЭА кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісін тексеру және шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияда орналасқан мемлекеттік кірістер органының қызметкеріне жіберіледі.

 

Бұрын кедендік алымдар мен өзге де төлемдерді жасамай елге заңсыз әкелінген машинаны тиісті соманың бәрін төлеп, заңдастыруға болады.

 

Қаулы желтоқсанның ортасына дейін талқыланады. Демек жаңа жылға дейін құжат қабылданып, жарияланады.

 

Kolesa.kz редакциясына Әкімшілік полиция комитеті түсіндіргендей, заңдастырылатын машинаның шыққан жылы мен экологиялық класына қатысты шектеу жоқ. Қаулы шыққаннан кейін ҚР ІІМ № 342 бұйрығына тиісті өзгеріс енеді. Сондай-ақ қазір оң рөлді көліктерге қатысты мәселе талқыланып жатыр. Қаулы жобасына құжатты талқылау барысында да өзгеріс енуі мүмкін.

 

Бұл нақты құжат емес, жоба ғана. Kolesa.kz жағдайды бақылап, дер кезінде хабарлап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста