«Сақтандыру» арқылы шетелдік көлік мінуге тыйым салынады

«Сақтандыру» арқылы шетелдік көлік мінуге тыйым салынады

Автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңның 10-бабына жаңа 5-2 тармақ қосылады. Ол бойынша: «Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органның (Яғни, ҚР ІІМ ӘПК) бөлімшесінде тіркелген көлік құралына қатысты емес, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мынадай машина халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналады, «егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса, және:

 

* ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;

* Қазақстанда тіркелмесе;

* Қазақстанға уақытша әкелінсе».

 

«Жол қозғалысы туралы» заңға тиісті өзгеріс енеді. Мұндай машина Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады, бірақ жыл сайын 30 күн ел аумағында болмауы керек.

 

Басқаша айтқанда, енді сақтандыру алу үшін машина не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек. Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Соған орай мұндай машинаны сақтандыру арқылы бір-біріне сата алмайды.

 

Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған. Бірақ бұл тізімге Ресейде тіркелген, Қазақстан азаматы мініп жүрген ресейлік машиналар енген жоқ. Жаңа жобаға қарасақ, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін машина сол рөлді болу керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны. Бұдан кейін Қазақстанға өзі жүргізу және қайта сату мақсатында шетелдік көлік әкелуге болмайды.

 

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасын сенат қарап жатыр. Мақұлдаса президенттің қол қоюына жібереді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста